Қостанай облысында мектеп асханасында жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ылмыстық іс қозғалды.

 Бұл туралы  облыс прокурорының аға көмекшісі Дамир Аишев мәлімдеді.

Осыған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 267-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мектеп асханасында сол күні 200-ге жуық адам тамақтанған. Олардың көпшілігі балалар. Біз тексеру жүргізіп, зерханалық зерттеулер тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша улану себебі анықталады, дейді Д.Аишев.

16 қыркүйекте түстен кейін N1 Ұзынкөл орта мектебінің асханасында 47 оқушы 6 оқытушы уланған, 30 бала мен төрт ересек адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары тексеруден кейін жағдайы жақсарған соң үйлеріне қайтарылды.