Мердігерлердің жобаға қатысудан бас тартуына байланысты облыста ғимарататрды газ желілерріне қосу мерзімі кешеуілдеп отыр. "Оған себеп, барлық бағалар республикалық деңгейде бекітіледі, сараптамада нақты нарықтық баға ескерілмейді", -дейді басқармадағылар.
"Жобалық- сметалық құжаттама дайындалған кезде прайс-парақтар бойынша нақты нарықтық баға ескеріледі. Ал жобаны сараптамаға берген кезде баға біршама төмендейді", - деді басқарма бастығы Ольга Печаткина.
Облыстық әкімдікте газдандыру мәселесі бойынша кеңес өтті. Облыс әкімі мәселені тікелей өз бақылауына алды.