Қостанай облысында "Момент" желімінің жасанды партиясы тәркіленді

Тәркіленген желімнің сынамалары Ленинград облысы Тосно қаласындағы өнімді өндіруші зауытқа жөнелтілді, деді А.Әлібаев. "Момент" желімі өндірілетін зауыттың сарапшылары өнімнің жасанды екенін бірден анықтаған. Өнімнің ормасында штрих-коды мен өндіруші-зауыт туралы мәліметтер болмай шықты.

Ал қораптарда "Момент" желіміне тән емес қасиеттері бар сұйықтық болған. Тексеру барысында анықталғанындай, кәсіпкерлер желімді Алматыдағы бір көтерме сауда базарынан сатып алған.