Қостанай облысында өлген киіктердің мүйізін сатпақ болған волонтер ұсталды

Полицейлер ақбөкендердің мүйізін күдіктіге тиесілі гараждан тапқан. Түз жануарының қырылуынан өз материалдық жағдайын түзеп алғысы келген азамат мүйіздерді облыс орталығында сатуды жоспарлаған көрінеді. Жалпы салмағы 10 келіге жуық тауардың құны қара базарда бір жарым миллион теңгені құрайды. Бұл Қостанай облысында тіркеліп отырған оныншы жағдай. Бұған дейін тәртіп сақшыларының құрығына ілінгендердің әрқайсының 1 жылдан бостандығы шектелген болатын. 

Loading...