«Таңертең далалық алқаптардан өрт шыққан. Желдің күшеюіне байланысты өрт орман алқаптарын шарпыды», - делінген хабарламада.
Бастапқы деректерге қарағанда, қазір 25 гектар орман алқабы, 34 гектар далалық өртенген.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 53 адам, 16 автоцистерна мен 2 трактор жұмылдырылған.