Қостанай облысында өртенген үйде қалып қойған 2 жасар бала ажал құшты

Өрт шықпас бұрын аз уақытта үйде пеш жағылған, әкесі сарайда шаруа істеп жатқан. Анасы дүкенге шығып кеткен.

Әкесі күйіктің иісі мен күшті жалынды байқап қалады. Ол шыңғырған дауысы шыққан баланы құтқармақ болады. Алайда түк көрінбейтін түтін мен лаулаған өрттен өту мүмкін болмады. Түтінге тұншыққан отағасы сыртқа әрең шығып, есінен тана құлаған.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Алайда біраз уақыттан соң жантүршігерлік видеоға қолжетімділік шектелді.