33 жастағы ер кісі өмірмен қош айтысуға бел буып, пойыз астына секірген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Тобол-Астана жүк пойызының машинисі жедел тежегішті басқанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған. Пойыз астына секірген ер кісінің басы мойын тұсынан жұлынып көз жұмды.