Қостанай облысында пішен қорадағы өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды

Өрт бір жеке меншік үйдің пішен қорасында шыққан. Сарапшылардың бағалауынша, оттың тұтануына балалардың сотқарлығы әсер еткен сыңайлы. Сонымен бірге, өртеніп жатқан пішен қорада бала қалды дегенді ересектер білмеген көрінеді. Өртке дейін ол жерде ойнап жүрген балалар өрт шыққанда жазадан қорқып қашып кеткен. Ал қыз баланың өртенген денесі өрттен қалған күлдің арасынан табылды.

Аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрттің басқа да себептерін қарастыруда.