Қостанай облысында қар жауды

27 қыркүйекте Қостанай облысында қар жауды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram-да қыркүйек айына тән емес табиғаттың құбылысы түсірілген видео жарияланды.

Видео сипаттамасында Бейімбет Майлин ауданы маңына қар түскені айтылады.

Алдында синоптиктер 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлаған

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталық пен шығыста жауын-шашынның (жаңбыр, қар) түсуіне, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууына ықпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі, делінген синоптиктер хабарламасында.

Сонымен қатар, - 6 градусқа дейін күн суытатыны хабарланған.


Loading...