Қостанай облысында қасқырмен күреске авиация да жұмылдырылуда

Оның айтуынша, биыл қасқырлар Наурзум ауданындағы бірқатар кенттерге жақындап келген. Тіпті түз тағыларының ауыл көшелерінде көзге түсіп, тебіндіктегі жылқылар мен үй иттерін тамақтап кеткен жағдайлары да тіркелген.

Жуырда кәсіби аңшылар тобы Наурзум ауданы орталығының маңында 10 қасқырды атып алды. Алайда, Г.Червяковтың айтуынша, жыртқыштардың бір бөлігі бой тасалап үлгерген.
Аңшылардың мәліметі бойынша, көршілес Амангелді ауданында үйірдегі қасқырлардың саны 80-ге дейін жететін көрінеді. Жалпы алғанда облыс аумағындағы түз тағыларының саны мыңға жуық.
Г.Червяковтың айтуынша, өңірдегі ахуалды тұрақтандыру үшін 600-700 қасқыр ату қажет.