Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14 қаңтарда Денисовка ауылында бір қазандық жарылды. Соның салдарынан мектеп, балабақша мен көп пәтерлі үй жылусыз қалды. 15 қаңтарда үй мен балабақшаны жылуға қосты. Қостанай облысы әкімінің айтуынша, "апат болған жердегі жылу қамтамасыздығын жазға дейін қырманның қазандығы өз мойнына алады".
"Бүгін жылу трассасын мектепке дейін тартты. Бұл оқу орнын жылытумен шұғылданатын қазандықта қосымша қазандар орнатылды. Жылу қамтамасыздығы толық қалпына келтірілгенше, оқушылар тағы бір апта басқа мектепте оқиды,"-деп хабарлайды әкімдіктегілер.