«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Raimbek Group директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов мәлімдегендей, құрылыстың жобалық құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды.
«Құрылыс басталатын нақты мерзім компания жобаны қаржылндыру, инвестиция тарту мәселесін қалай тез шешетініне байланысты болмақ. Егер қаржыландыру мәселесі таяу арада шешілсе, онда құрылыс 2015 жылы басталады», - дейді Р.Баталов.
Зауытты 2016 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Зауыт қуаттылығы тәулігіне 200 тонна сүт өнімін құрамақ.
Зауыттың салынуымен Қостанай облысында бірқатар сүт-тауарлық фермалар құрылады.
Қазіргі кезде "Raimbek Agro" Қостанай облысының әкімдігімен бірге осы бағдарламаны белсенді әзірлеуде. Бағдарламаның мәні аймақтың сүт-тауарлық фермаларын ірі кісіпорын төңірегіне шоғырландыру. Біз фермерлерге мемлекеттік даму бағдарламалары арқылы қаржы алуға көмектесеміз. Оларға технологиялық, заң, қаржылық көмек көрсетеміз. Жоба барлық тарап үшін тиімді, мәселен фермелрлер өз бизнесін арттыруға мүмкіндік алса, сүт өңдеу зауыты сапалы шикізаттың кепілдендірілген көлемін алады, ал мемлекет жоғары дамыған ауыл шаруашылығына қол жеткізеді.