Қостанай облысында құрбысына қонаққа келген әйел оның мәйітін тапты

Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы пәтерлердің бірінен 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сәуірде әйел құрбысының үйіне қонаққа барған, алайда барған кезде оның мәйітін тапқан.

Үйдің есігі ашық болған.


Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілді, нәтижесінде әйелге зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталған.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.