Оның айтуынша, кейінгі бір аптада Қостанай, Қарабалық және Ұзынкөл аудандарындағы жеке меншік қораларда құстардың қырылу оқиғасына қатысты жекелеген деректер тіркелген. "Осыдан кейін мұқият тексерулер жүргізілді. Өлген құстар ғана емес, сонымен бірге олармен байланыста болған құстардан да сынамалар алынды. Зерттеулер қорытындысы көрсеткеніндей, құстар сальмонеллез және пастереллез дертінен болып шығынға ұшыраған",- деді М.Мұстафин.
Қазіргі таңда елді мекендерде жаппай қора-жайларды аралау, үй құстарын санау шаралары жүзеге асырылуда. 23-тамыздағы жағдаймен ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары Қостанай облысында 3,4 млн. , соның ішінде 2,2 млн. үй құстарына, сондай-ақ, құс фабрикаларына қарасты 1,1 млн. құсқа, 228 мың жабайы құсқа эпизоотиялық мониторинг жүргізді.
Қазақстанның көршілес облыстары мен Ресейде құс тұмауының етек алуына байланысты тамыздың басынан бері облыста құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерін енгізуге тыйым салынған, деді ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Қостанай аумақтық басқармасы бастығының орынбасары Шоқан Тасмағамбетов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы 7 елді мекенде құс тұмауы дәлелденді.