Caravan Logo

Қостанай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған көліктер мен рейстік автобустың жүргізушілеріне көмектесті

Қостанай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған көліктер мен рейстік автобустың жүргізушілеріне көмектесті

Көліктің ішінде 1 адам болған. Оған тез арада қажетті жағдай жасалып, ыстық тамақ берілді.

Көлік бет алған бағытына жөнелтілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сол ауданда сағат 16.05-тен 23.20-ға дейін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 735 шақырымында ТЖБ 4 адамы мен 2 техникасының күшімен жолда сынып қалған, «Рудный-Петропавл» бойынша бағыт алған рейстік автобус құтқарылып, Сарыкөл кентіне жеткізілді. Автобустың ішінде 2 адам болған. Зардап шеккендер жоқ.

Сенбі күні Қарасу ауданында сағат 21.20-дан 23.53-ке дейін «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында ТЖБ күшімен жолда сынып, тұрып қалған «ИВЕНКО» көлігімен жүргізуші құтқарылды.