Таранов аудандық ІІБ-ның бастығы Николай Нарховтың хабарлауынша, қырманнан астық тонау оқиғалары түнде жүзеге асырылып келген. Сол себепті полиция тарапынан "қылмыстық әрекеттерге қырманның қауіпсіздік қызметінің тікелей қатысы бар деп күдіктенуге негіз толық".
Қылмыскерлерді ұстау үшін тәртіп сақшылары торуылға шығады. Таңғы сағат 4 шамасында қырманға екі КамАЗ автокөлігі келіп жеткен. Осы кезде зауытқа кіре берістегі жарықты күзетшілер өшіріп тастайды да, автокөліктер қырман аумағына ешбір кедергісіз өтіп кетеді. Көліктерге жалпы құны 600 мың теңгені құрайтын 46 тонна бидай тиеп алған жүргізушілер қырман аумағынан шыққан сәтте тұтқындалды.
Облыстық ІІББ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қырманда таяу уақыттарда санақ жүргізілмек. Ол қылмыстық топтың әрекетінен келген шығындардың жалпы көлемін бағалауға мүмкіндік береді.