«Сейсенбі күні кешке дейін 19 мың 231 өлексе көмілді. Жұмыс жалғасып жатыр», - деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті.
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 515 адам мен 76 техника жұмылдырылған.
Ауыл шаруашылық министрлігінің 18-мамырдағы деректерінде Қостанай облысының Амангелді ауданы аумағында 10 мыңға жуық ақбөкеннің өлексесі табылды делінген болатын. Бастапқы болжамдар бойынша, бұған пастереллез індеті себеп болған болуы мүмкін.