Қостанай облысында радиоактивті руда тиелген тағы екі вагон табылды


Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні түсті металл тиелген екі вагон радиациялық бақылаудан өтпей қалған.
Қазір вагондар Тобыл ауылындағы 81-ші жолда тұр. Аталған факті жан-жақты тексеріліп жатыр.
Мұндай жағдай облыс аумағында қараша айының басында да болған-ды. Ол жола Астанаға бара жатқан жүк пойызының екі вагонына тиелген руда құрамындағы радиация деңгейі тиісті мөлшерден бірнеше есе артық болған.