Қостанай облысында шашылып жатқан мал өлексесі тұрғындарды шошытты

Бұл жолы да бала шағасымен серуендегендер тосын жайтқа тап болды. Судың жағасынан өлі бұқаларды көріп бірден ұялы телефонының таспасына түсіріп алған. Әрі бейнежазбаның авторы өз сөзінде су қоймасына жауаптыларды кінәләп, санэпидемиологтарға шағымданады. Көлге өлікселерді кімнің лақтырғаны әзірге белгісіз.

Дәурен Әбдіхамитов, «Казводхоз» мемлекеттік кәсіпорнының Қостанайдағы бөлімшесінің  директорының орынбасары:



-Біз өліктерді жағадан алып шығып, 100 метр қашықтыққа апарып тастадық. Енді барлық құзырлы орындар мен санитарлық мамандар бір шара қолданатын болады.