Геннадий Кузнецов ұзындығы 20 сантиметрге жуық жәндікті өткен аптада көмірдің арасынан аршып алған болатын. Алайда ғалымдар оның болжамымен келіспейді. Олар бұрын-соңды кездеспеген тіршілік иесін сүтқоректілердің бір мүшесі болуы мүмкін дейді. Бірақ нақты не екенін дөп басып айта алмай отыр. Сондықтан жергілікті билік жұқпалы аурулар мен басқа індеттің алдын алу үшін белгісіз құбыжықты санитарлық дәрігерлерге тапсырған. Енді оны Қостанайлық биологтар зерттеп, қайдан шыққанын анықтауға тырыспақ.
Тұрғынбек Әбдібеков, Қазанбас ауылдық аймағының әкімі :
-Мынандай көрмеген нәрсе. Біз өзімізде сенбей жүрміз. Бір жағынан құрт сияқты. Бір жағынан ішек-қарын сияқты. Ауылда қазір соғым сойып жатыр ғой. Сондықтан да көп мән берген жоқпыз. Мұны енді арнайы қызметтер бар ғой солар шешеді деп ойлаймын.
Loading...