Қостанай облысында табылған белгісіз жәндік жұртты шошытты

Беймәлім тіршілік иесін Бағаналы ауылы мектебінің от жағушылары тауып алған. Әуелі көмірдің арасынан пішіні бөтелкеге ұқсас белгісіз жұмыртқа шыққан. Оны күрекпен жарса, ішінен мына құртқа ұқсас, бірақ үлкен жәндік шығыпты. Мамандардың айтуынша, бұл шынымен де ерекше тіршілік иесі болуы мүмкін. Бірақ, ДНК сараптамасынсыз мардымды ештеңе айта алмаймыз дейді олар. Бір қызығы, оның 30 градустық аязға қалай шыдап жатқаны түсініксіз.

Андрей Андрюшенко, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы табиғат бөлімінің қызметкері:

-Біз барып қарағанда ол қозғалыссыз жатты. Аузында екі қатар тістері болғанын айтады, бірақ біз көрмедік. Өйткені, әбден көмір күйесімен бүлінген. Ал терісі кәдімгі жәндіктікі. Шыққан жұмыртқасы да тірі жаратылысқа тиесілі. 

Loading...