Қостанай облысында тұрғын үй өртенді, оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды


Сағат 07.07 кезінде тіркелген тілсіз жау 07.19 кезінде сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды. 3 шаршы метр аумақ жер отқа оранған. Оқиға орнынан 1954 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды.