Қостанай облысында үш жүз қасқыр мен түлкі атылды

«Шара халықты жыртқыш аңдардан қорғау мақсатында наурыздың бірі мен сәуірдің бірінші жұлдызы аралығында өткізілді. Жабайы аңдардың көптігінен аймақта үй малының арасында құтыру, оба індеттері көбейіп кетті», - делінген хабарламада.

Атылған аңдардың кейбірі санитарлық зертханаға жөнелтілді.


Өткен жылы Қостанай төңірегінде 12 мыңға жуық түлкі тіркелген. Негізінде олардың саны шамамен 8 мыңнан аспауы тиіс, дейді мамандар.