Авдокаттың айтуынша, қорлыққа шыдамаған күдікті суға батып өлмек болыпты. Бірақ оны құтқарып қалған. Қазір қатты күйзеліске ұшыраған жігіт психиатриялық емханада жатыр. Әуелде ол қылмыстық іске куәгер ретінде қатысқан. Кейін оны қоғамдық орында шемішке шаққаны үшін полицейлер үш тәулікке абақтыға қамапты. Осы жерде Константинді ұрып-соғып, қыздың өлімін мойнына ілмек болған. Өйткені Мухиннің түр-тұрпаты фотороботтағы бейнемен бірдей болып шыққан. Енді прокуратура осыған қатысты қылмыстық іс қозғап жатыр. Ал жалпы үш адам күдікті деп табылған. Олардың біреуі тергелуде. Тағы бірін дәлел жетіспегендіктен қоя беріпті. Естеріңізге сала кетсек, Рудный қаласында бірінші сыныпта оқитын Виктория Ганяны бір ай бойы іздеп, ақыры зорлықпен өлген қыздың денесі гараждың ішінен табылған болатын.