ІІБ-ның ақпаратына сәйкес, төрт адам суық қару мен оқты-отты қару қолдану салдарынан, тағы да екі адам төбелес салдарынан жарақаттануға байланысты қаза болған. Пышақтан жараланған төрт адам ауыр ахуалда аурухананың реанимация бөлімінде жатыр.
Жалпы 2004-жыл басынан бері Қостанай облысы аумағында 216 қылмыс тіркеліп, олардың 182-сі ізі суымай әшкереленді.
Қостанай қалалық ауруханасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, мереке күндерінде аурухананың жарақат бөліміне 228 адам көмекке жүгініп, олардың 22-сі ауруханаға жатқызылған. Жарақат бөліміне келген адамдардың 186-сы тұрмыстық сипаттағы жарақат алған болса, 26 адам қылмыстық әрекеттер салдарынан, 8 адам жол апаты салдарынан, 4 адам өндірістегі оқыс оқиғалар салдарынан жарақаттанған.