Қостанай облысында жаппай қырылған 5 мыңнан астам ақбөкен өлігі көмілді

Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов қырылған далалық бөкендерді жедел түрде  көму шаралары қабылданғанын мәлімдеді. Соңғы күндері 5400 бөкен көмілген, деп нақтылады өңір басшысы. 

Н. Сәдуақасовтың пікірінше, таяу уақытта ақбөкен өлім-жітімі тоқтайды  деген үміт бар. Әкім өзінің орынбасары Базыл Жақыповтың басшылығымен арнайы комиссия құру туралы өкім шығарды. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мамандары келді.   Шұғыл санитарлық-эпидемологиялық шаралар қабылдануда, деп хабарлады өңір басшысы.

Жануарлар өлген жерде  30 бірлік техника мен 150 адам жұмыс істеуде.