Қостанай облысында жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды


Ауруханаға 53 адам жеткізілген. Олардың алтауы ұстаз. Қалғандары 1-6 жас аралығындағы балалар мен бастауыш сынып оқушылары. Ал жағдайы ауыр делінген 11 бала облыстық ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Бүгін біразы үйлеріне де шығарылды. Эпидемиолог мамандар болса, оқыс оқиғаның себебін әлі анықтай алмай жатыр. Ал жергілікті прокурорлар мектеп асханасында санитарлық талап сақталмаған дейді. Тексерудің нақты қорытындысы 3-4 күннен кейін жария етілмек. Сол бойынша жазаға тартылатын жауапты азаматтардың да аты-жөндері белгілі болады.