Қостанай облысында жеңіл көліктің “жедел жәрдеммен” соқтығысуы салдарынан бір адам қаза болды


Қостанай–Федоровка  жолында өткен сейсенбіде жеңіл көліктің жүргізушісі көлікке ие бола алмай “жедел жәрдем” көлігімен соқтығысып қалды, деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінен.
Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды, оның жолаушысы сол орында қаза болды, “жедел” жәрдем” көлігіндегі екі адам да жарақат алды.