Қостанай облысында жер үйлердің бірінде болған өрттің салдарынан бір бала қаза болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді

ТЖМ хабарлағанындай, Киевский кентінде (Қостанай облысы) 3 наурызда 9 сағат 21 минутта жер үйлердің бірінде шаққан өртті сөндіру барысында бес жастағы баланың денесі табылды. Сондай-ақ, түрлі жарақат алған екі жастағы бала ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 26 адамы және бес бірлік техника жұмылдырылып, сағат 11-де өрт толық сөндірілді.