Жол апаты бүгін түнде Арқалық-Торғай тас жолының 19-шақырымында болған. "Фольксваген" автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алған. Соның салдарынан 15 және 11 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырып, жүргізуші мен тағы төрт жолаушы, соның ішінде 13 жастар ұл мен 14 жасар қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.