Жол апаты шілденің 12-сінен 13-іне қараған түні Алматы - Екатеринбург тас жолында болған. " "Ауди" жүргізушісі, Алтынсарин АІІБ қызметкерлері көлігінің тізгініне ие бола алмай қалу салдарынан 25 жастағы жүргішуші айдап, ішінде 26 жастағы жігіт пен 25 жастағы қыз отырған ВАЗ көлігін соқты. Жол апаты салдарынан олардың бәрі де қаза тапты", - деп хабарлайды полициядағылар.
Сонымен бірге тағы бір ірі жол апаты Арқалық қаласына таяу жердегі Ашутасты ауылында болды. ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі автокөліктің, тағы да "Ауди" және "Жигули" автокөліктерінің соғысуы салдарынан он адам жараланды. Апатқа "Жигули" жүргізушісінің ереже бұзуы себеп болған.
Жалпы алғанда Қостанай облысындағы жолдарда бір аптада 21 жол апаты болып, 7 адам қаза тауып, 44 адам зардап шекті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті