Аса қауіпті зиянкестерге қарсы күресу мақсатында 2 млн 182,41 мың гектарды химиялық жолмен өңдеу көзделіп отыр, 2013 жылғысы 2 млн 093,694 мың гектар болатын, деп хабарлады облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Жұмыстарды жүргізу үшін бүркуге арналған техниканың 88 бірлігі пайдаланылмақ, оның ішінде 15 аэрозольды генератор, 10 мотодельтаплан, 11 АН-2 ұшағы бар.