Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде фельдшерлік қосын өртеніп кетті

Қостанай облысының Диев ауылында фельдшерлік-акушерлік қосын өртенді.


           ТЖ министрлігінің хабарлауынша, бір қабатты ғимараттағы өрт жексенбіге қараған түні тұтанған.
           Алты сағаттан кейін ауыздықталған тілсіз жау жалпы 120 шаршы метр аумақты шарпып үлгеріпті. Ешкім зардап шеккен жоқ.