Қостанай облысындағы бір ауруханада психотроптық заттарды заңсыз сақтау дерегі анықталды

"Сибазон" атты психотроптық заттың 21 ампуласын заңсыз сақтау дерегін есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері облыстық психиатриялық аурухананы тексеру барысында анықтады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, өткен жылдың қараша айында облыстық психиатриялық аурухананың диспансерлік бөлімінің дәрігерлері жалған рецептілермен "Сибазон" атты психотроптық заттың 60 ампуласын алған. "Оларды дәрігерлер тегін дәрімен жеңілдікпен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама бойынша жалған науқастардың атына жаздырып алған. Ал тіркеу журналында психотроптық заттар тіркелмеген",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Қазір бұл деректі облыстық фармакологиялық бақылау басқармасының мамандары мен медициналық қызметтің көрсетілуі мен сапасын бақылау комитетінің қызметкерлері тексеріп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті