Бұл туралы Sputnik-Қазақстанға ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлаған.
"20 қыркүйек күні сағат 17.11 кезінде орман шаруашылығы қызметкерлерінен сағат 16.35 шамасында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында Обаған орман шаруашылығы территориясындағы "Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесінің" қылқан жапырақты ағаштар аумағында өрттің тұтануы болды", — деді Иманқұлов.
Жергілікті атқару органдары өрт ошағынан жеті шақырым жерде орналасқан Березово ауылынан 15 адамды эвакуациялап, Тасоған ауылының орта мектебіне орналастырды.
Өрт сағат 21.05 кезінде ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 40 гектар.
Өртті сөндіру кезінде Қостанай облысы Өрт сөндіру қызметі мен орман шаруашылығының қызметкерлері ат салысты. Барлығы 40 шақты адам мен 15 дана арнайы техника жұмылдырылды.