Қостанай облысындағы шаруашылықтар жаңа түсімді жинауға кірісті

Қостанай облысы әкімшілігінің ауылшаруашылығы департаментінен хабарлағанындай, әзірге орақ науқаны тек Әулиекөл, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл және Таран аудандарында басталды.

Дихандар қазір бидайдың ерте пісетін сорттарын жинауда. Қазіргі өнімділік бір гектардан 6,5 центнерді құрап отыр. Бүгінгі жағдаймен дихандар 11 мың гектардан түсім жинап, 14 мың гектардан астық бастырды. Департамент өкілдерінің айтуынша, тамыздың 20-25 жұлдызында ғана орақ науқаны қыза бастайды.