«Төбелеске қатысқандардың бірі 28 жастағы сотталған жарақат алып, Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Бір аптадан соң ол көз жұмды. Оның жазасын толық өтеп болуына шамамен 3 жыл 6 ай қалған еді», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
«Төбелеске қатысқан екінші адам оқшауланды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның жазасын толық өтеуіне 10 ай қалған. Бүгінде сотталған өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ҚАЖ Комитетінде.