Қостанай облысының әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында меморандум жасалды

Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар қайта жаңғырту 2016 жылғы тамызда аяқталатыны туралы уағдаласты. Сондай-ақ ұзындығы 154 шақырымды құрайтын Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай автожолын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның құны - 46 млрд теңге.

4,2 млрд. теңге жалпы ұзындығы 156 шақырым республикалық маңызы бар жол учаскесін орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалды.

Жергілікті билік жолды сапалы ұстауға арналған жол-құрылыс техникасын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауға міндеттеме алды, деп атап өтті әкім баспасөз қызметінен.