Облыстық кітапхананда өткен көрмеге 50-ге жуық экспонаттар, суреттер, ойыншықтар мен түрлі қорапшалар қойылған. Солардың ішінде елдің көзіне бірінші болып түскені облыс әкімі бейнеленген осы матрешка болды. Суретшілердің айтуынша, әлдекім оны арнайы тапсырыс беріп жасатып, 50 мың теңгесін төлеген екен. Бірақ кейін ойыншықты алмай кеткен. Қостанай облысындағы басшыларға байланысты бұрын да дәл осындай қызықты жәйт болған еді. Атап айтсақ, Сергей Кулагиннің шіркеудегі «әулиелердің» арасында жүрген суретін жұрт әлі де жыр қылып айтады.