Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Құмар Ырғыбайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Құмар Ақсақалов 1965 жылы Қостанай облысында туған. 2004-2006 жжылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 жылдары - "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 жылдары - "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметтеін атқарған.
2015 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.