Сөйтіп ашық әңгіме келесі дүйсенбіге қалып отыр. Тілеген Советұлы сол күні сағаттарын көрсетіп қана қоймай, олардың бағасы мен кімдердің сыйға бергенін де айтып бермек. Айта кетейік, кеше өңірдің бас полицейі тұрған Қостанайдағы зәулім үйге ұры түсіп, аса құнды сағаттар мен зергерлік бұйымдарды үптеп кетіпті деген ақпарат тараған. Алайда облыстың бас полицейінің баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарумен әлек.
Әділбек Нұрмахан, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы
-Пәтердің Тілеген Мәткеновқа қатысы бар деген шындыққа жанаспайды. Өйткені Мәткеновтар отбасы, осыдан үш ай бұрын ол пәтерді жалдап тұрған.
Loading...