Қостанай облысының диқандары алаңдаушылық білдіріп отыр

Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының бөлім бастығы Сәлімжан Есенаманов хабарлады.

«Мамыр-маусым айларында жауған жауын-шашын егістікке жеткіліксіз болды. Мамырда жауған жауын-шашын мөлшері 20 мм, маусымда 18 мм ғана. Көп жылдан бері жауатын орташа жылдық жауын-шашын мөлшері мамырда 33, маусымда 32 мм болатын. Бұл әрине, аз. Диқандар осыған байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр», - деп атап өтті ол.

«Алдағы уақытта жауатын жауын-шашын жағдайды түзеуге көмектеседі деп сенеміз», - деп қосты С.Есенаманов.


Басқарма мәліметтерне қарағанда, бүгінгі таңда бидай алқаптарының 50 пайызы жақсы, 48 пайызы қанағаттандырарлық, 3 пайызы нашар деңгейде.