Қостанай облысының диқандары жиын-терімге кірісіп кетті

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім бастығы Сәлімжан Исенамановтың айтуынша, биыл жиын-терім кеш басталып отыр.

«Әдетте диқандар жиын-терім науқанына 15-тамызда кіріседі. Жұмыстардың кешіктірілуіне жауын-шашын түрткі болды», - деді С.Исенаманов.

Оның айтуынша, қазір техника мен жанар-жағармай қоры жеткілікті, ауа-райы да қолайлы болып тұр.


Облыс бойынша 3,7 млн гектар алқапқа бидай егілген.

Өткен жылы өңір диқандары 4 млн 14,5 мың гектардан 4 млн 596 мың тонна бидай жинап алған болатын.