Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағандай, қайта өңдеуші кәсіпорындар табиғи сүтті сатып алуды күрт азайтқан.
"Қазір қайта өңдеушілерге құрғақ сүт сатып алған арзанға түседі. Табиғи сүт алу тиімсіз. Сүттің сатып алу бағасы қазір 70 пен 112 теңге аралығында. Қайта өңдеуші кәсіпорындар қаржыдан қиналып, табиғи сүт алуға ақша таппай отыр. Әрине, алатындар бар, бірақ олар аз ғана сүтті алып отыр”, деді басқармадан.
Басқармадағылар бұл уақытша жағдай, бәрі реттеледі, деп санайды.
Облыстың сүт өндіретін ЖШС директорының бірі атап өткендей,бұл жағдайдың себебі қазақстандық нарыққа арзан құрғақ сүттің әкелінуінде ғана емес. Құрғақ ұнтақтан дайындалған сүт “сүт сусыны” деп аталуға тиіс. Оны заңды түрде реттеу керек”.
"Қазір бүкіл дерлік сүт фермалары қиналып отыр.Біз әзірге сүт өндіріп жатырмыз. Тіпті сүтті бұзауларға, өгізге берген күніміз де болды, ол ұзақ сақталмайды ғой”, деді ол.