Қостанай облысының оңтүстігінде ірі қара малдың қырылу себебі анықталды


ақбөкеннің жаппай қырылуымен байланысы болуы мүмкін емес, деп санайды Қостанай облысы ветеринария басқармасының бастығы Берікжан Қайыпбай.

«Алдын ала деректер бойынша, жануарлардың қырылуы олардың созылмалы жұқпалы емес тыныс алу, ас қорыту инфекциясының асқынуы салдарынан орын алған», - деп хабарлады Б.Қайыпбай.
Малдарынан айырылған шаруашылық қожалықтарында жұмыс жүргізген ветеринарлық дәрігерлер мал жөнді күтіммен қаралмағанын, суық тиген кезінде уақтылы ем жасалмағанын айтып, ауру асқынып, пневмония, гастроэнтеритке айналған деп санайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанкелді ауданының шаруашылық қожалықтарында жас ірі қара мал және жылқы малының өлім-жітімі тіркелді. Бұл ақбөкендердің жаппай қырылуына байланысты деген дәйекті мәліметтер әзірге жоқ. 
Зертханалық зерттеу екі жағдайда да жануарлардың құтырма вирусын жұқтырғанын анықтады.