«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Қостанай облысы прокуратурасы мәлімдегендей, қазіргі кезде «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ шамамен 265 млн теңге айыппұл өндірді.
Салық органдары «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ-ын 2009 жылы әкімшілік жауапқа тартты. Компания темір кен концентратын экспорттау кезінде нарықтық бағадан ауытқыған. Бұл табыс пен бюджетке салық төлемін төмен етуге әкеп тіреді.
Ол кезде айыппұл өтеу мүмкін болмады, алайда прокуратураның араласуынан кейін ғана кәсіпорын соманы толық түрде төледі.