«Астана циркі гастрольмен Украинаға барған. Қостанай арқылы қайтап келе жатқанда алты ат, төрт пони, үш ит пен алты адам мінген фуралардың екеуі де бұзылып қалған», - деп хабарлайды Қамысты аудандық ТЖ бөлімінен.
Көліктер күннің суықтығына қарамастан сол жерде жөнделді. Оны жөндеуге 12 сағатқа жуық уақыт кетіпті.