Қостанай облысының Рудный қаласында 4 кило героинмен есірткі сатушылар қамауға алынды

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында Рудный қаласында 4 кило героин сату кезінде есірткі сатушы мен сатып алушы - Ресей Федерациясының азаматын тұтқындады. Сатып алушы уақытша тұрған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 769 грамм болатын наша табылып, тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір Ұлтық қауіпсіздік комитетінің департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.