Тәртіп сақшыларының заңды белден басуының кесірінен 4 жыл абақтыда отырып шыққан Рәсім ішкі істер департаментін осылайша бір сілкіп алмақ. Айтуынша, полиция қызметкерлері оны еркінен тыс қинап жасамаған ұрлық үшін қылмысты мойнына алғызған. Тіпті бұл дерек дәлелденіпті және қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек, Рудный қаласының полицейлері Рәсімге елді дүрліктірген 7 жасар Виктория Ганидың өлімін де мойындатпақ болған көрінеді. Абырой болғанда мектеп жасындағы қызды өлтірген адам дер уағында табылып Байрамов ол істен құтылған.