Қостанай облысының тұрғыны топырақ астында қалып мерт болды


Бейсенбі күні кешкісін 26 жастағы келіншек Садовая көшесіндегі су құбыры шұңқырының топырағы опырылып құлап кеткен, Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәлімдеді.

Әйел коммуналдық қызметте жұмыс істейтін күйеуіне  су құбырында жұмыс істеп жатқан кезде көмектеспек болған. Күйеуі топырақ опырылып жатқанын байқап шұңқырдан шығып үлгерген, ал әйелін құтқара алмаған.